Тараздағы дүкендердің бірінен АҚШ-тан жеткізілген үйрек етінен құс ауруы анықталды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
"ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Тараз қаласындағы "Береке" дүкенінде Қазақстанға жеткізілетін АҚШ-тың үйрек еті сынамасында сальмонелланың анықталуына байланысты гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарының бұзылғаны анықталғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады.
Қазіргі уақытта сауда объектісінен қауіпті өнімді алып қою бойынша шаралар қабылдануда, сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.
Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04 нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады.