АҚШ-тың мемлекеттік департаменті құны 80 млрд доллар тұратын қару-жарақты басқа елдерге сатуға рұқсат берді. Рекордтық сома туралы америкалық "Дифенс Ньюз" әскери басылымы жариялады, деп хабарлады 24.kz.
52 млрд долларға бағаланған 27 келісімшарт Таяу Шығыстағы елдерімен арада жасалмақ. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келісімдерді АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі мекемесі ғана мақұлдаған. Бұл құжатқа қатысты соңғы шешімді Конгресс қабылдайды.
Айта кету керек, сайып келгенде мұндай келісімшарттардың көбі іске аспай жатады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу