АҚШ Трамп президенттігі кезінде Айға қонуды көздеп отыр

147

АҚШ алдағы үш жарым жыл ішінде, яғни Дональд Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін астронавттарды Айға қондыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Fox News басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Трамп президенттігі кезінде Айға қонуды көздеп отыр Фото: canva

Бұл туралы NASA-ның уақытша басшысы және көлік министрі міндетін атқаратын Шон Даффи Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

– Келесі жылдың басында біз Айға ұшуды жоспарлап отырмыз, бірақ ол миссия қону емес – Айды айналып өтеміз. Ал одан кейін, шамамен бір жыл ішінде, біз Айға қонамыз. Бұл Дональд Трамп билікте тұрған кезеңде жүзеге асады, – деді ол.

Шон Даффи сонымен қатар болашақта Ай бетінде тұрақты база құру көзделіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, сол жерде жинақталатын тәжірибе мен білім АҚШ-тың Марсқа жету мақсатына жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу