АҚШ тұрғындары вакцина қабылдауға міндеттелуі мүмкін

1057

Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге осындай талап қойылған еді.

АҚШ тұрғындары вакцина қабылдауға міндеттелуі мүмкін Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байден жергілікті билік елдің барлық тұрғындарын COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны ектіруге міндеттей алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ақ үй басшысы өз сөзінде жергілікті билік те, жергілікті кәсіпорындар да өз қызметкерлеріне осындай талап қоя алатынын жеткізді. Президент бұл мәселені Әділет министрлігінің өкілдерімен талқылағанын айтты.

Сондай-ақ Байден күзде вакциналар америкалық реттеушінің мақұлдауына толықтай ие болатынын жариялады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерді коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға міндеттеген еді. Егер қызметкер екпе салдырмаса, ол жұмыста маска киюге, басқа қызметкерлер мен келушілерден алшақ жүріп, әлеуметтік қашықтық сақтауға міндеттеледі және іссапарларға бара алмайды. 

Сонымен қатар америкалық әскери қызметкерлер COVID-19 екпесін салдыруы тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу