АҚШ туристерден вакцинация төлқұжатын талап етпейтін болды

494

Ковид пандемиясына байланысты АҚШ-тағы төтенше жағдай режимі аяқталды.

АҚШ туристерден вакцинация төлқұжатын талап етпейтін болды Фото: РБК

АҚШ 12 мамырдан бастап елге әуе рейстерімен келетін шетелдік азаматтар үшін міндетті коронавирустық вакцинация туралы талапты алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап.

"Біз әкімшілік 11 мамырдан кейін федералды ведомстволардың қызметкерлері, федералды келісімшарт бойынша жұмысшылар мен халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушылар үшін міндетті COVID-19 вакцинациясы туралы талапты алып тастайтынын жариялаймыз", - делінген Ақ үйдің 11 мамыр, бейсенбіде жарияланған мәлімдемесінде.

АҚШ билігі елге келген шетелдіктерден 2021 жылдың қараша айынан бастап COVID-19 вакцинасы салынғанына дәлел болатын құжаттарды ұсынуды талап ете бастаған болатын. Тағы бір талап - АҚШ медициналық реттеушісі немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдаған вакциналар ғана қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу