АҚШ Түркия мен Сирияға көмекке 200 адам жіберген

681

Күнделікті баспасөз мәслихатында америкалық сыртқы саясат ведомствосының өкілі Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандарға көңіл айтты.   

АҚШ Түркия мен Сирияға көмекке 200 адам жіберген Фото: Anadolu Agency

Вашингтон Түркия мен Сирия халықтарына көмектесу үшін жұмыс істеп жатқанын айта отырып, дипломат зілзаладан АҚШ-тың үш азаматы қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл жер сілкінісі бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ғасыр қасіретіне айналды, тірі қалғандарға, зардап шеккен отбасыларға көңіл айтамыз", — деді Прайс.

Жер сілкінісі аумағына 200 адамнан тұратын АҚШ-тың апаттарға қарсы көмек тобы жіберілді. Ол сондай-ақ апат аймағында "арнайы жабдықтармен жабдықталған тәжірибелі қызметкерлерден" тұратын екі американдық құтқару тобы жұмыс істейтінін хабарлады. Бұл топтарға алғашқы медициналық көмек, логистика, инженерлер мен денсаулық сақтау мамандары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу