АҚШ Түркияның қорғаныс және энергетика министрлігіне қарсы санкция жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.
Қара тізімге аталған мекемелердің жетекшілері Хулуси Акар, Фатих Донмез, және ішкі істер министрі Сулейман Сойлу да енгізілді.
Вашингтон бұл шектеуді Анкарадағы билік Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы оқ жаудырғаны және өңірдегі жағдайды тұрақсыздандырғаны үшін жасады. АҚШ-тың қаржы министрлігі Түрік үкіметіндегі басқа да бірқатар шенеуніктерге және мемлекеттік корпорацияларға қарсы қосымша санкция салды. Тізімге іліккендердің америкалық активтері бұғатталады және осы елдің бизнесімен байланысы үзіледі. Дегенмен, оның халықаралық, үкіметтік емес гуманитарлық ұйымдардың БҰҰ жұмысына қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай қызмет ете береді.
Бірақ Түркия Президентін ашындырып отырған бұл жағдай емес. Ол НАТО-дағы серіктестерінің сырт айналғанына наразы. Оның пікірінше, Ұлыбритания мен Германия билігі жалған ақпарат жетегінде кеткен. Сол себепті түріктерді қарумен қамтамасыз етуді тоқтату туралы шешім қабылдады.
"Құрметті бауырлар, біз Джерабулусты лаңкестерден аластатып жатырмыз. Ол жерде қазір түріктер бар ма? Жоқ! Ол жерде жүргендер, сол жақтың иесі. Еуропалық одақ пен Араб лигасы соны неге көрмей отыр? Сіздер Сирияны Араб лигасынан алып тастадыңыздар ғой. Түркия НАТО мүшесі ме? Иә! Еуропаның бірқатар елдері осы ұйымға мүше. Қашаннан бері лаңкестер осы ұйым мүшесіне қарсы шыққан?",– дейді Тайып Эрдоған.