АҚШ Түркияға қарсы санкцияны күшейтеді

1023

Егер Түркия Сирияның солтүстігіндегі бейбіт халыққа қарсы шабуыл жасаса ғана АҚШ нақты шектеулер жасайды.   

АҚШ Түркияға қарсы санкцияны күшейтеді

Трамп Сирияға әскер жіберуді қаламайды. Сол себепті Түркияға қарсы санкцияны күшейтуі мүмкін.

"Аймақтағы лаңкестерді жеңдік. Енді онда оралудың реті жоқ" деген Ақ үй жетекшісі Түріктер мен күрдтер 200 жыл бойы соғысып келгенін айтқан. Қазір мемлекеттік департамент қалыптасқан жағдайды жіті бақылап отыр. Егер Түркия Сирияның солтүстігіндегі бейбіт халыққа қарсы шабуыл жасаса ғана АҚШ нақты шектеулер жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ердоған Сириямен шекаралық аймақта қауіпсіздік аймағын салғысы келеді. Сол жерге жалпы саны 4 млн болатын сириялық босқындарды орналастырмақ. Түркия Президенті осы операция үшін АҚШ-тан әскери көмек сұраған. Бірақ Трамп оны қолдаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу