АҚШ-ты еуразиялық өңірден ығыстыру керек – Путин

266

Сыртқы державалар Еуразия аймағында өздерінің әскери қатысуын біртіндеп қысқартуы керек. 

АҚШ-ты еуразиялық өңірден ығыстыру керек – Путин Фото: Кремль

Ресей жаңа қауіпсіздік жүйесін талқылауға дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин РФ СІМ басшылығымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еуразиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің екіжақты және көпжақты кепілдіктерінің жаңа жүйесін кеңінен талқылауды бастау уақыты келді деп санаймыз. Бұл ретте келешекте Еуразия өңірінде сыртқы державалардың әскери қатысуын біртіндеп қысқарту бойынша іс жүргізу қажет", - деді Путин.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың әлемдік басқарушы мәртебесін сақтап қалуға бағытталған барлық әрекеттері керісінше елді деградацияға әкелетінін атап өтті.

"Бүгінде сол жерде (АҚШ-та) билеуші либералды-глобалистік элиталардың өз идеологиясын бүкіл әлемге кеңейту, өзінің империялық мәртебесін, үстемдігін сақтау жөніндегі үздіксіз әрекеттері елді барған сайын әлсіретіп, оны деградацияға алып келеді, америкалықтардың шынайы мүдделерімен айқын қайшылыққа түседі", - деді Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу