АҚШ-тың Айова штатындағы атыс: бір жасөспірім қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған

Сондай-ақ, оқ атқан сол мектептің 17 жасар оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. 

АҚШ-тың Айова штатындағы атыс: бір жасөспірім қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған Фото: AP

04 қаңтар күні таңертең АҚШ-тың Айова штатындағы Перри орта мектебіндегі атыстан бір жасөспірім опат болып, тағы бес адам жарақат алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері қысқы каникулдан кейінгі алғашқы күні сол мектептің 17 жасар оқушысы Дилан Батлер мектеп оқушыларына оқ жаудырғанын мәлім етті.

Ол помпа қаруымен және тапаншамен қаруланған. Сонымен қатар, полицейлер оның өзін-өзі атып өлтіргенін жеткізді.

Бұнымен қоса, мектеп ғимаратынан үйде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы да табылды. Оны саперлер залалсыздандырған.

Полиция қылмыс орнына 7 минуттан соң жетті. Кейінірек FBI агенттері мен терроризмге қарсы арнайы күш қызметкерлері полицияға қосылды.

Атыс таңертең жеті жарымда басталды және ол кезде оқушылардың сабағы әлі басталмаған.

Мектеп ғимаратында салыстырмалы түрде оқушы аз еді, және бұл кісі өлімінің тым көп болуынан сақтап қалуға септігін тигізді.

АҚШ-тың жергілікті БАҚ өкілдері хабарлағандай, оқиғадан кейін мектепке келген оқушылар өз үйлеріне қайтарылған.

Айта кетейік, Perry High School мектебі штат астанасы Де Мойнның солтүстік-батысында орналасқан 8 мыңнан астам тұрғыны бар Перри қаласында орналасқан.

Ол жергілікті қауымдастықтың мектеп желісіне кіреді, және онда жалпы саны 1785 оқушы білім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу