Нью-Йорк қор биржасындағы сауда сессиясы негізгі көрстеткіштердің өсуімен аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Бұған еңбек нарығында оң динамиканың орнауы түрткі болды.
Сауда алаңының сайтындағы мәліметке сәйкес, Dow Jones өнеркәсіптік индексі 373,98 пунктке өсіп, 33 527,19 пунктке жетті. S&P 500 индексі 58,04 пунктке артып, 4 077,91 пункт деңгейінде қалды. Nasdaq электрондық биржасының индексі 225,49 пунктке көтеріліп, 13 705,59 пункт болды.
Инвесторлар оптимизмінің басты себептерінің бірі – еңбек нарығындағы ахуалдың жақсаруы. Өткен аптада АҚШ-тың еңбек министрлігі наурыз айында елдегі жұмыс орындарының саны 916 мыңға артқанын хабарлаған еді. Bloomberg агенттігінің есебі бойынша, бұл соңғы жеті айдағы рекордтық көрсеткіш.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com