Бұл туралы CBS телеарнасының жергілікті бөлімшесі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Олардың ақпараты бойынша, табиғат апаты штаттың орталық бөлігіне, оның ішінде Арканзастың халық ең тығыз орналасқан бөлігі – Литтл-Рок қаласы мен оның аумағына зақым келтірген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.
Арканзас губернаторы Сара Сандерс штатта төтенше жағдай режимін енгізіп, табиғат апатының салдарын жоюға Ұлттық ұлан күштерін жұмылдырды.
Осы оқиғадан кейін штатта 70 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу