АҚШ-тың арнайы кемелері Таяу Шығысқа бағыт алмақ – БАҚ

96

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды. 

АҚШ-тың арнайы кемелері Таяу Шығысқа бағыт алмақ – БАҚ Фото: Flickr / Official U.S. Navy Page

АҚШ Иранмен арадағы соғыс жағдайында Таяу Шығысқа десант кемелер мен теңіз жаяу әскерін жіберіп жатыр. Бұл туралы NBC және Newsmax телеарналары өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

БАҚ-тың жазуынша, АҚШ-тың Батыс жағалауынан аймаққа жоспарланған мерзімнен бір тәулік бұрын USS Boxer кемесі бастаған десанттық жедел топ аттанады. Оның құрамында теңіз жаяу әскерінің 11-экспедициялық корпусының 2200 әскери қызметкері бар.

Сондай-ақ, Иран бағытына қарай USS Portland және USS Comstock десанттық көлік кемелері де жолға шығады. Олар F-35 жойғыш ұшақтарын, зымырандарды және құрлыққа десант түсіруге арналған техниканы жеткізеді. NBC дерегінше, жалпы алғанда, операцияға 4000-ға жуық әскери қызметкер жұмылдырылған.

Бұған дейін БАҚ-та АҚШ-тың Иранға қарсы құрлық операциясын бастауы мүмкін екендігі жөнінде ақпарат тараған. Reuters агенттігі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі әскери әрекеттерді күшейтіп, Таяу Шығысқа қосымша мыңдаған әскери жіберуді қарастырып отырғанын хабарлады.

Алайда Дональд Трамп бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысына байланысты Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберілмейтінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу