АҚШ-тың әскери ұшағы апатқа ұшырады

259

Бортта екі адам болған.

АҚШ-тың әскери ұшағы апатқа ұшырады Фото: news.rambler.ru

АҚШ-тың Оклахома штатында оқу-жаттығу кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі OA-1K Skyraider II үлгісіндегі ұшақ құлаған. Тиісті ақпаратты елдің Ұлттық гвардиясы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша әуе кемесінің бортында екі адам болған.

"Бүгін Уилл Роджерс әуе базасындағы 492-ші арнайы мақсаттағы бөлімшенің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Бірі азаматтық мердігер, ал екіншісі АҚШ Әуе күштерінің әскери қызметкері", – делінген хабарламада.

Апатқа ұшыраған ұшақ пен экипаж Ұлттық гвардияға тиесілі еместігі айтылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу