АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан бидайының өндірісі мен экспортына болжамын ұсынды

1523

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан бидайының өндірісі мен экспортына болжамын ұсынды

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің қаңтарға арналған шолуында Қазақстандағы бидай өндірісі 2016/2017 (шілде-маусым) астық жылында 16,5 млн тонна деген болжамын өзгеріссіз қалдырған.

Қазақстан бидайының экспорты көлеміне берілген бағалау да өзгеріссіз. Ол 8,5 млн тоннаны құрайды, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

Бидай импорты 60 мың  тонна деңгейінде.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспорты алдыңғы маусымдағы 8,4 млн тоннамен салыстырғанда 2016/2017 астық жылында  8,5 млн тоннаға ұлғаяды деп болжады.

Қазақстан  2016  жылы бункерлік салмақпен 23,7 млн тонна  астық дақылдарын жинаған. Бұл  2015 жылғыдан 18,5%-ға көп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу