АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі – 1,5-1,75%

862

Инфляция 2% көлемінде. 

АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі – 1,5-1,75%

АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды. Көрсеткіш – 1,5-1,75% аралығында. Жалпы ішкі өнім өсімінің болжамы да, сол күйі  – 2,2 пайыз, деп хабарлайды Atameken Business.

Жылды қорытындылаған Федералды қор жүйесі жетекшісінің айтуынша, қазіргі ақша-несие саясаты экономикалық белсенділіктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге лайық. Инфляция 2% көлемінде. Осыған дейін базалық пайыздық мөлшерлеме 3 рет қатарынан 25 базалық пунктке төмендеген болатын. Макроэкономикалық болжам жасаған реттеуші орган алдағы 2 жылда ЖІӨ өсімі 1,8-2 пайыз аралығында болатынын айтады. Базалық инфляция 2 пайыздан аспауы тиіс. Жұмыссыздар қатары 3,5 пайызға дейін азаяды. Федералды қор жүйесінің кезекті отырысы қаңтардың соңында болады. Сарапшылар 2021жылға дейін нарықта тұрақтылық болатынына сенімді.

"Қазіргі мөлшерлеме болжамды көрсеткіштерге сай келеді. Оны көтеруге негіз болатын ештеңе жоқ. Инфляция мақсатты деңгейден төмен, егер ол тұрақты көтерілетін болса ғана, базалық пайыздық мөлшерлемені қайта қарау туралы мәселе көтереміз",– дейді Федералды қор жүйесінің төрағасы Джерем Пауэлл .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу