АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі 75 базалық пункттен жоғары көтерілмейді

617

Осы айда АҚШ-тың Федералды қор жүйесі, базалық пайыздық мөлшерлемесін 75 базалық пункттен жоғары көтермейді.    

АҚШ-тың базалық пайыздық мөлшерлемесі 75 базалық пункттен  жоғары көтерілмейді Фото: nur.kz

Байден инфляция баяулады дегенмен, баға өсімі әлі жоғары.

Сондықтан реттеуші орган, осы айдың ортасына қарай базалық пайыздық мөлшерлемені тағы да жоғарылатуы мүмкін. Ақша-несие саясатын қатаңдату нәтижесі әзірге байқалмайды дейді Джером Пауэлл. Тағы да базалық пайыздық мөлшерлеме көтеріледі. Жоғары ставка біраз уақыт бойы сақталуы тиіс.

Өйткені онсыз инфляцияны ауыздықтау мүмкін емес. Қазір АҚШ-та базалық мөлшерлеме 3,75-4 пайыз аралығында. Биыл реттеуші орган, оны 6 рет көтерді. Алайда нәтиже шамалы. Баға өсімі өткен жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға дейін жоғарылап кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу