Наурыз айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы Құрама Штаттарға өтеді.
Сол кезде Мелания Трамп кеңестің бір отырысына басшылық етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кеңес отырысы 2 наурызда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесінде өтеді деп жоспарланған.
"Мелания Трамптың басшылығымен тарихта алғаш рет АҚШ-тың бірінші ханымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Кеңес мүшелері білім беру, технология, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылайды", – деп хабарлады бірінші ханымның кеңсесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу