Сәрсенбінің кешінде АҚШ-тың бірқатар аудандарында Дональд Трамптың жаңа президент болып сайлауына қарсы акциялар болып өтті. Бұл туралы батыстың БАҚ-тарына сілтеме жасап "Интерфакс" хабарлайды.
Нью-Йорктың Манхэттэн ауданында сәрсенбі кешкісін мыңдаған шеруші жиналды. Олар "Біздің президентіміз емес" деп ұрандатты. Чикагода 1 мыңдай адам Дональд Трампқа тиесілі Trump International Hotel қонақ үйінің маңына жиналып қарсылық шеруін ұйымдастырды.
Шерушілердің легіне полиция тосқауыл болды. Қарсылық акиялары сондай-ақ Вашингтонда, Сиэтлде, Лос-Анжелесте, Фениксте, Филадельфия, Портлендте де өтті. Шеруге қатысқан адамдардың тұтқындалғандығы туралы ақпарат жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу