АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер өмірден өтті

218

Соңғы жылдары бұрынғы президент қатты ауырып жүрген еді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер өмірден өтті Фото: Paul Hennessy/NurPhoto/Getty Images

Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картер 1977-1981 жылдар аралығында президент болды. 2019 жылы ол АҚШ президенттерінің арасында ұзақ жасау рекордын жаңартты. Қазан айында 100-ге толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Джимми Картер 100 жасында Джорджия штатындағы үйінде қайтыс болды.

Картер АҚШ-ты 1977 жылдан 1981 жылға дейін басқарды. Ол президент болған тұста бірқатар келеңсіз оқиға болған: АҚШ-тағы Три-Майл-Айленд аралындағы атом электр станциясында апат болды, 1979 жылы жылы Иранда исламшылдар АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алды, америкалық арнайы күштердің шабуылы сәтсіз аяқталды. Ол президент болған тұста АҚШ-та инфляция күшейіп кетті. Алайда Картер халықаралық саясатта айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу