АҚШ-тың БҰҰ алдында 4 млрд долларға жуық берешегі бар

219

2026 жылға арналған жарнаны 61 ел толық төлеген. 

АҚШ-тың БҰҰ алдында 4 млрд долларға жуық берешегі бар Фото: grozny-inform.ru

Бас Ассамблея төрағасы Анналена Бербоктың сөзінше, егер ұйымға мүше барлық ел биыл жарналарын төлемесе, БҰҰ шілде айына қарай қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келейін деп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кейбір елдердің жарнаны жылдар бойы кешіктіріп төлеуі немесе мүлде төлемеуі салдарынан БҰҰ қаржылысқа дағдарысқа тап болды", – деді Анналена Бербок.

Мәселенің ушығуына АҚШ тарапынан берілетін қаржыландырудың күрт қысқаруы себеп болып отыр. Вашингтон қаржыландыру көлемін 17 миллиард доллардан шамамен 2 миллиард долларға дейін азайтқан. БҰҰ бюджетінің тапшылығын жабу үшін кемінде 23 миллиард доллар қажет екені белгілі болды.

Politico басылымының мәліметінше, БҰҰ өкілдері Вашингтонның  ұйым алдындағы қарызы шамамен 4 миллиард доллар екенін айтқан. Оның ішінде 2,19 миллиард БҰҰ-ның тұрақты операциялық бюджеті бойынша берешек болса, тағы 1,8 миллиард АҚШ-тың бітімгерлік операцияларға арналған жеке бюджет бойынша қарызы болып саналады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Майкл Уолц Трамп әкімшілігі бұл мәселе бойынша шешім бірнеше апта ішінде қабылданатынын жеткізді.

2026 жылға арналған жарнаны 61 ел толық төлеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу