АҚШ-тың БҰҰ-дағы (2017-2018 жылдары) елшісі болған Никки Хейли президент сайлауына қатысады

552

Осылайша Дональд Трамптың қарсыласы болмақ.  

АҚШ-тың БҰҰ-дағы (2017-2018 жылдары) елшісі болған Никки Хейли президент сайлауына қатысады Фото: REUTERS

Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы, республикашыл Никки Хейли 15 ақпанда 2024 жылы өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz tass.ru-ға сілтеме жасап.

Жоспарды бірінші болып хабарлаған The Post and Courier жергілікті басылымының мәліметінше, Хейли президенттікке кандидатурасын ұсыну ниетін бүгін жариялайды.

Хейли 2017 жылдан 2018 жылға дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі қызметін атқарды. Егер Хейли үміткерлікке ие болса, онда ол республикалық партияның атынан президенттік таққа таласқан бірінші әйел кандидат атанады. Одан бөлек, ақ нәсілдіге жатпайтын адам ретінде партияның бірінші үміткері болмақ.

Хейли Трамппен бірнеше рет айтысқан. Ол нәсілдік проблемалар бойынша да даулы үндеулерімен танымал болған.

2011 жылдан 2017 жылға дейін Оңтүстік Каролина губернаторы қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу