АҚШ-тың екі жылдық бюджеті бекітілді

958

АҚШ-тың екі жылдық бюджеті бекітілді

Америкалық сенаторлар сомасы 300 миллиард АҚШ долларын құрайтын екі жылдық шартты бекітті, деп хабарлайды 24.kz.

Құжат бойынша әскери және басқа да қажеттіліктерге жұмсалатын қаржы көлемі өспек. Егер де республикашылдар көші-қон мәселесі бойынша дауыс беруді өткізбесе, демократтар бұл жоспарды қолдамайтынын ескертті.

Өткен айда АҚШ-тың федералдық үкіметі партиялардың көші-қон реформасына қатысты қайшы пікірлеріне байланысты жұмысын үш күнге жартылай тоқтатқан болатын. Демократтар Барак Обама тұсында қабылданған келімсектердің балаларына арналған бағдарламаны ұзартуды талап етті. Дегенмен Дональд Трамп босқындардың азаматтық алуына мүмкіндік беретін көші-қон реформасының керектігін алға тартып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу