АҚШ-тың экс-президенті Трамп қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылды

185

Нью-Йорктегі алқабилер соты елдің экс-президенті Дональд Трампты құжаттарды бұрмалаудың 34 эпизоды бойынша кінәлі деп тапты. Үкім 11 шілдеде жарияланады. 

АҚШ-тың экс-президенті Трамп қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылды Фото: ERR

Нью-Йорктегі алқабилер 30 мамырда АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

12 алқабилер экс-президент Трамптың 2016 жылғы сайлау науқанының сәттілігіне қауіп төндірген бұрынғы порно актриса Сторми Дэниэлске төлем жасау фактісін жасыру үшін құжаттарды бұрмалағаны үшін кінәлі деп тапты.

Трамп барлық 34 бап бойынша кінәлі деп танылды. Есептілікті бұрмалаудың 34 жағдайының әрқайсысы төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін — барлығы 136 жыл. Жаза түрін судья Хуан Мерчан 11 шілдеде өтетін арнайы отырыста анықтайды. 

АҚШ Президенті Джо Байден әкімшілігінің өкілі Трампқа үкім шыққаннан кейін Ақ үй "заңның үстемдігін құрметтейді" деп мәлімдеді. Джо Байденнің өзі Трамптың айыптау үкімін 5 қарашада өтетін АҚШ-тағы президенттік сайлауға үгіт-насихат жүргізу үшін пайдаланды: "Дональд Трамптың Сопақ кеңсеге кіруіне жол бермеудің бір ғана жолы бар: сайлау жәшігінде", - деп жазды президент Х әлеуметтік желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу