АҚШ-тың еңбек нарығы қалпына келу үшін бірнеше жыл кетеді

1003

Федералды қор жүйесінің басшысы қазіргі уақытта АҚШ мықты еңбек нарығын құруға қауқарлы емес екенін жеткізді.

АҚШ-тың еңбек нарығы қалпына келу үшін бірнеше жыл кетеді Фото: reuters.com

АҚШ-тың Федералды қор жүйесінің басшысы Джером Пауэлл еңбек нарығын қалпына келтіруге бірнеше жыл кетеді деген болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CNBC басылымына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, жұмыссыздық кезеңінің ұзаққа созылуы халықтың өмір сүруі мен әл-ауқатына зиян келтіріп, экономиканың өндірістік әлеуетін бәсеңдетуі мүмкін. "Оны қалыпқа келтіру үшін ұзақ жылдар керек екенін тәжірибемізден білеміз", – деді ол.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта АҚШ мықты еңбек нарығын құруға қауқарлы емес екенін жеткізді.

Бұған дейін Құрама Штаттардың Сауда министрлігі өткен жылы елдің ЖІӨ 3,5 пайызға төмендегенін жариялаған еді. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең төмен көрсеткіш.2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан бері ел экономикасы айтарлықтай құлдырады. Ол кезде ЖІӨ 2,5 пайызға төмендеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу