Мөлшерлеме 4,3%-дан 4,1%-ға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
АҚШ Федералды резерв жүйесі (ФРЖ) 9 айда алғаш рет негізгі пайыздық мөлшерлемені төмендетті.
Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллдың айтуынша, еңбек орындары азайып, тұрғындар арасында жұмыссыздық қаупі күшейген. Төмен мөлшерлеме ипотекадан бастап бизнеске дейінгі несиелерді арзандатып, экономикаға тың серпін бермек.
"Жаңа жұмыс орындарының ашылу қарқыны халықты тұрақты жұмыспен қамтуға жеткіліксіз. Кәсіпорындар аз адам жалдап отыр. Мұндай жағдайда қысқарту көбейсе, жұмыссыздықтың өсуі жылдам жүреді", – деді Пауэлл.
ФРЖ басшысы үшін бұл тек алғашқы қадам ғана емес, ең бастысы – алдағы айларда мөлшерлеменің жалпы бағыты. Ол инфляция қаупінің әлі де сақталып отырғанын атап өтті.