АҚШ-тың ФРЖ базалық мөлшерлемені көтерді

1027

Реттеуші мөлшерлемені осымен екінші рет көтеруде.

АҚШ-тың ФРЖ базалық мөлшерлемені көтерді

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені бірден 0,5 пайызға, яғни жылдық 0,75-1%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Комитет ұзақ мерзімді перспективада жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейін және инфляцияның 2% деңгейінде сақталуын қамтамасыз етуге тырысады. Ақша-несие саясаты күшейтілген кезде, инфляция 2%-ға төмендеп, еңбек нарығындағы ахуал тұрақты болады. Осы орайда комитет федералды қор мөлшерлемесінің диапазонын 0,75-1%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл диапазон тағы да өседі", – деп жазылған реттеушінің ресми мәлімдемесінеде.

ФРЖ мөлшерлемені осымен екінші рет көтеруде. Ал рекордтық 50 базистік тармаққа арттыру туралы шешім 2000 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр. Реттеушінің келесі отырысы 2022 жылдың 15 маусымында өтеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: globalcapital.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу