АҚШ-тың ірі телеарналары Трампқа бойкот жариялады

681

Медиакомпаниялар Трамп әкімшілігін сотқа берді.  

АҚШ-тың ірі телеарналары Трампқа бойкот жариялады Фото: foxnews.com

Бұған Трамп әкімшілігінің бірқатар БАҚ өкілдерінің Ақ үйге кіруіне шектеу қоюы себеп болып отыр.

АҚШ-тың ірі телеарналары – Fox News Media, ABC News, CBS News, CNN және NBC News – Президент Дональд Трамптың іс-шараларын бірлесіп жариялауды уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйге кіруге тыйым салынғаннан кейін телеарналар осындай шешім қабылдаған. Трамп аталған БАҚ-тарды "жалған жаңалықтар" таратты деп айыптаған. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары Трамп әкімшілігіне қарсы Колумбия округінің федералдық сотына талап-арыз берді.

Телевизиялық пулға кіретін журналистер президенттің Ақ үйдегі және басқа да іс-шараларын кезекпен түсіреді. Олар түсірілген видео, фото, аудио және президенттің сөздерін басқа ақпарат құралдарымен бөліседі. Алайда осы жолы пул мүшелері CNN журналистерін алмастырмайтынын мәлімдеген. CNN өкілдері Трамптың БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуын жариялауы тиіс еді.

"Қоғам үкімет туралы нақты әрі тәуелсіз ақпарат алуға мүдделі. Ешбір әкімшілік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын тек олардың жариялаған ақпараты өзіне ұнамағаны үшін ғана шектемеуі тиіс", – делінген ABC, CBS, CNN, Fox және NBC арналарының бірлескен мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Дональд Трамп CNN, Politico және MS NOW журналистеріне Ақ үйдің аумағына кіруге тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу