АҚШ-тың Калифорния штаты отқа оранып, жергілікті билік төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты 38 мың адамды қауіпсіз жерге көшіруде, деп хабарлайды khabar.kz.
Алапат өрт 150 ғимаратты күлге айналдырған. 300 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Болжамға сәйкес, аймақта өрт қаупі аптаның соңына дейін сақталады. Бұған дейін қызыл жалын Калифорнияны қазан айында шарпып, 100 мыңдай тұрғын эвакуацияланған. Соңғы мәліметке сәйкес, 43 адам қаза тапты. Ал өрт салдарынан келген шығын 3,3 млрд доллардан асты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу