АҚШ-тың Калифорния штаты үшке бөлінуі мүмкін

1999

АҚШ-тың Калифорния штаты үшке бөлінуі мүмкін

АҚШ-та Калифорния штатын 3-ке бөлуге байланысты қарашада референдум өтеді. Бұл туралы Fox News телеарнасына миллиардер Тим Дрейпер айтты, деп хабарлайды Life.ru.

Дрейпер Калифорнияны бөлуге байланысты бұған дейін талай рет бастама көтерген. 2014 жылы оның ұсынысы халық арасында кеңінен қолдау таппаған еді.  Ал бұл жолы петицияға 600 мыңнан аса адам қол қойған.

Оның айтуынша, губернатор басқаруындағы, орталығы Сакраменто болып табылатын бұл штатта соңғы кезде баспанасыздар саны артып, орта білім сапасы төмендеген. Сондықтан оны бөліп басқару тиімді. Дрейпер Калифорнияны солтүстік, оңтүстік және орталық деп бөлген дұрыс дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу