АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Розенблюм: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму миннистрлігімен әріптестікті нығайтуға ниеттіміз

444

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.  

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Розенблюм: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму миннистрлігімен әріптестікті нығайтуға ниеттіміз Фото: gov.kz

Жиын барысында Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы мен министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда министрлік TikTok, Meta секілді халықаралық компаниялармен байланыс орнатып жатыр. Онан бөлек, "Масс-медиа" туралы заңнама, ақпарат доктринасы, ақпаратқа қолжетімділік, азаматтық қоғам саласындағы заңнамалар бойынша халықаралық институттармен бірлесі жұмыс атқарып жатырмыз", - деді министр.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм мырза Қазақстандағы медиа саланың жұмыстарына оң бағасын берді. Бұған қоса, ол қазақ тілін жетік меңгеруге деген құлшынысы мен қазақтың тарихина (атнтропологиясына) деген қызығушылығы зор екенін айтты.

Сондай-ақ Дэниел Розенблюм мырза "Масс медиа туралы" заңға, министрлік жетекшілік ететін салаларға қатысты бірқатар сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап алды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу