Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка елшігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз", - делінген елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.
Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, Молдовадағы елші болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу