АҚШ Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге қаржы бөлген

Бұл туралы ақпарат Джо Байден әкімшілігінің шығындарында кездеседі. 

АҚШ Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге қаржы бөлген Фото: canva.com

Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт ашық айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Брифингте ол Байден әкімшілігінің "ақымақтығын" еске салып, бірнеше әрекеті үшін айыптаған. Трамптың баспасөз хатшысы АҚШ-тың Гватемалада жыныс ауыстыру отасына 2 миллион доллар жұмсағанын мәлімдеген. Әрине, бұл Байденнің президент уақытында болған.

Джо Байден әкімшілігі тұсында АҚШ Ирактағы "Сезам көшесі" жаңа шоуына және "Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге" миллиондаған доллар бөлген көрінеді.

– Ирактағы жаңа шоу құруға – 20 миллион доллар, ал Қазақстандағы "жалған ақпаратпен күресуге" 4,5 миллион доллар бөлінді. Байден тағы 6 миллион долларды Мысырдағы "туризмді қаржыландыруға" бөлген, – деді ол.

Каролин Левитт өз сөзінде Қазақстандағы қандай жалған ақпаратпен күрес үшін қаржы бөлінгеніне тоқталмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу