АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде сөйледі

424

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қазақ тілінде бейнеүндеу жасады.

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде сөйледі Фото: АҚШ елшілігі

Елші сөзін қазақ тілінде бастап, бұл қызметті атқару өзі үшін үлкен құрмет екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Құрметті достар, әріптестер және қазақстандықтар! Менің атым Джули Стаффт. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып қызмет ету мен үшін үлкен құрмет, – деді ол.

Бейнежазбада елші сөзін ағылшын тілінде жалғастырып, алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Атап айтқанда, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты мәдениет пен білімнен бастап, сауда мен жасанды интеллектіге дейінгі түрлі салаларда одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу