Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрлік өкілінен "АҚШ-та Қазақстаннан заңсыз мигранттардың жүргені туралы ақпарат келіп түсті ме?" деп сұрады.
"Қазақстан азаматтары Сыртқы істер министрлігіне немесе елшілікке жүгінген жоқ. Бұл мәселе бақылауға алынды. Жақында ғана елшілік АҚШ аумағында жүрген қазақстандықтарға бұл елде миграциялық заңнама қатаңдатылып жатқаны туралы үндеу жариялаған болатын. Азаматтарымыз хабардар. Бұл норма визалық тәртіпті бұзған адамдарға ғана қатысты. Консулдық есепте тұрған қазақстандықтардың саны шамамен 25 мың адам бар. Тіркелмеген қазақстандықтардың бар-жоғы туралы айта алмаймын. Себебі қазіргі таңда Қазақстан азаматтары АҚШ-тан шығарылатыны туралы ақпарат келіп түспеді", – деді вице-министр.