АҚШ-тың қор нарығы құлдырады

905

Қытайдағы ең алпауыт компаниялардың бірі Alibaba коронавирустың кесірінен Қытайдың экономикасына келетін шығын шаш етектен болады деп мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың қор нарығы құлдырады

Коронавирустың таралу қаупі күшейгендіктен, Уолл-Стриттегі негізгі көрсеткіштер түсіп кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Dow Jones өндірістік индексі  0,4 пайызға кемісе, S&P 500 – 0,1, Nasdaq та тура солай 10 мың пунктке жуық төмендеді.

Жапон валютасының бағамы тұрақты. Бірақ акциялар арзандады. Topix 0,6%-ға түсті.

Бейжіңдегі билік қаржы жүйесін ынталандыруға барлық жағдайды жасағанмен, бүгін юаньның АҚШ долларына шаққандағы бағамы құнсызданып, 7-ге жетті. Қазір көрсеткіш шамалы түсіп келеді, 6,98-ді көрсетіп тұр.

Гонконг және Шанхайдағы  сауда алаңдарындағы жағдай да мәз емес. Қытайдағы ең алпауыт компаниялардың бірі Alibaba коронавирустың кесірінен Қытайдың экономикасына келетін шығын шаш етектен болады деп мәлімдеме жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу