АҚШ-тың Mack Trucks бөлімшелерінде ереуіл аяқталды

274

Кәсіподақ автокөлік зауытының жұмысшылары үшін бес жылдық келісімшартқа қол жеткізді.

АҚШ-тың Mack Trucks бөлімшелерінде ереуіл аяқталды Фото: pixabay.com

16 қарашада Mack Trucks компаниясының 3900 қызметкері жаңа еңбек шартына қол қойғаны туралы автомобиль жұмысшыларының біріккен кәсіподағы (UAW) мәлімдеді. Келісімшарт 5 жылға есептеліңген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Mack Trucks жаңа келісімшартқа сәйкес, бес жыл ішінде жалақының орташа өсімі 36%-ды құрайды, ал барлық сақтандырылған қызметкерлер үшін орташа жедел өсім шамамен 15%-дай болады деп ескертті.

"Әлі де ең жоғары деңгейге жетпеген қызметкерлер үшін, бұл жалпы жұмыс күшінің жартысына жуығын құрайды. Ал бес жылдағы орташа жалақының өсуі 55%-ға жетеді. Сонымен қатар, жалақының орта деңгейдегі жедел өсуі 20% -дан асады", - делінген компанияның 16 қарашадағы электрондық пошта арқылы жіберген хабарламасында.

Сондай-ақ, Mack Trucks компаниясы жаңа келісімшарт Пенсильвания, Мэриленд және Флорида кәсіпорындардағы қызметкерлерге қатысты екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу