АҚШ-тың мәлімдемесінен кейін мұнай күрт арзандап кетті

817

Вашингтон өндірісті арттыруды ұсынды.  

АҚШ-тың мәлімдемесінен кейін мұнай күрт арзандап кетті

11 тамыздағы сауда-саттық барысында Brent сұрыпты мұнай бағасы жеті минут ішінде 2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Лондондағы ICE биржасының мәліметіне сілтеме жасап. Қазір оның бір баррелі шамамен 69,81 долларға саудаланып жатыр.

Шикізаттың арзандауына АҚШ-тың өндіріске қатысты мәлімдемесі себеп болды. Құрама Штаттар ОПЕК елдері мен олардың одақтастарын бензин бағасының өсуіне жол бермеу үшін шикізат өндірісін ұлғайтуға үндеді. Вашингтонның пікірінше, ОПЕК+ альянсының өндірісті тәулігіне 400 мың баррельге арттыру шарасы әлі де жеткіліксіз.

Соңғы айда мұнайдың бағасы шілде айымен салыстырғанда 10 долларға төмендеді. Қытайда теміржол мен әуе тасымалына шектеулер енгізіліп, Аустралия, Жапония және АҚШ елдерінде індеттің өршуі сияқты жайттар инвесторларды алаңдатып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу