АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы EXPO-2017 көрмесіне қатысады

763

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы EXPO-2017 көрмесіне қатысады

Еліміздің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-күйін талқылап, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы талқылаған сауда-экономика саласын жетілдіру мәселесін тілге тиек етті.

Қайрат Әбдірахманов өзара алыс-берісті арттырып, Ақ үй әкімшілігімен тығыз байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Өз кезегінде Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімін көрегендікке балап, Қазақстанның халықаралық қауымдастықта абыройы арта түскенін және елде саяси әрі экономикалық тұрақтылық нығайып, ірі инвесторлар тартуға сеп болғанын атап өтті. Сирия мен Ауғанстандағы ахуал Корей түбегіндегі түйткілдер де сөз болды. Қайрат Әбдірахманов еліміздің әлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге ат салысуға әркез дайын екенін айтты. Сонымен қатар министр Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен де кездесті. Гутерриш Астана процесінің Сириядағы шиеленісті реттеуге сүбелі үлес қосып отырғанын оң бағалады. Сондай-ақ өзінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті мен Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу