АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

406

Сапар 2026 жылдың басына жоспарланып отыр.    

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді Фото: aa.com.tr

Бұл туралы Марко Рубио Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан Сыртқы Істер министрлерімен кездесуінде мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ Құрама Штаттардың бас дипломаты Орталық Азияның өзге 4 елін де араламақ. Американың Мемлекеттік хатшысы "Вашингтон аймақтың кейінгі 10 жылда қарқыны бәсеңдеген қатынасты күшейтуге ниетті" деп атап өтті. 

– Өткен аптада АҚШ-тың арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік Хатшының орынбасары Кристофер Ландау Орталық Азия елдеріне барып қайтты. Сол үшін алғыс айтқым келеді. Олар маңызды кездесулер өткізді. Енді өзім келесі жылы баруды жоспарлап отырмын. 5 елді де аралаймын, бұл сапар бір аптаға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін, – деді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу