АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 34 триллион доллардан асты

406

Бұған дейін, 33 триллион долларлық мемлекеттік қарыздың алдыңғы рекордтық мөлшері 2023 жылғы қыркүйек айының ортасында тіркелді. 

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 34 триллион доллардан асты Фото: pixabay.com

АҚШ үкіметінің қарызы тарихта алғаш рет 34 триллион доллардан асты. Бұл туралы Америка Қаржы министрлігінің жаңартылған статистикалық мәліметтерінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы деректер бойынша, 29 желтоқсан күні елдің жалпы өтелмеген мемлекеттік қарызы 34 триллион 1 миллиард 493 миллион долларды құрады. Алайда, бір күн бұрын ол 33,91 триллион долларға дейін бағаланған.

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы федералды үкіметтің кредиторлар алдындағы қарызының көлемі болып табылады. Соның ішінде: жеке тұлғалар, азаматтар немесе шетелдік инвесторлар, сондай-ақ, мемлекеттер немесе ірі қорлар болуы мүмкін. Мәселен, Вашингтон қаласы 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан бюджет тапшылығын жабу үшін қарыз алып жатыр.

Айта кетсек, 2023 жылдың басында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгіленген шектеу бойынша 31,4 триллион доллардан асты. Осыдан кейін, егер шектеу көтерілмесе, американдық Қаржы министрлігі дефолт қаупі туралы бірнеше рет ескертті.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың маусымында АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қарыз шектемесін 2025 жылдың 2 қаңтарына дейін тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу