АҚШ-тың мұнай қоры бір аптада 1,4 млн баррельге көбейді

1583

Стратегиялық мұнай қоры 2 млн баррельге қысқарды.

АҚШ-тың мұнай қоры бір аптада 1,4 млн баррельге көбейді

АҚШ-тың коммерциялық мұнай қоры 8-15 қараша аралығында 1,4 млн баррельге артып, 450,4 млн баррель болды. Бұл туралы елдің энергетикалық ақпарат Басқармасы хабарлады. 
Энергетика министрлігінің дерегі бойынша, шикізат өндірісінің осы аптадағы көлемі өзгеріссіз қалды, яғни 12,8 млн баррель. 

Оклахома штатында орналасқан Кушинг терминалындағы "қара алтын" қоры 2,3 млн баррельге азайып, 44,2 млн баррель болды. 

Ал бензин қоры 1,8 млн баррельге көбейіп, 220,8 млн баррельге жетті. Аналитиктер көрсеткіштер бұдан да жоғары болады деп топшылаған еді. 

Дистиллят қоры 1 млн баррельге азайып, 115,7 млн баррель болды. 

Стратегиялық мұнай қоры өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 млн баррельге қысқарып, 637,5 млн баррельге болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу