АҚШ-тың Орта Азиядағы басты серіктесі - Қазақстан

842

Американың осы аймақтағы сауда қатынасының 86%-ы Қазақстанға тиесілі.

АҚШ-тың Орта Азиядағы басты серіктесі - Қазақстан Фото: inform.kz

Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты сауда-экономикалық серіктесі болып қала берді, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылы Орта Азиядағы АҚШ саудасының 86%-ы Қазақстанмен жүзеге асырылды (3,8 млрд), 7%-ы Өзбекстанға тиесілі, қалған 7% Тәжікстан, Қырғызстан мен Түрікменстан арасында бөлінген.

Қазақстандық статистикалық дереккөздердің деректері бойынша 2022 жылы ҚР-ның АҚШ-қа экспорты $1,1 млрд, АҚШ-тан импорт - $1,9 млрд құрады.

АҚШ-қа жіберілетін негізгі тауарлар - мұнай (48%) және ферроқорытпалар (38%). Сондай-ақ күкірт, фосфор, тантал, қорғасын, уран мен бидай глютені жеткізіледі. АҚШ-тан көптеген тауарлар сатып алынады, негізінен ұшақтар, автомобильдер мен қозғалтқыштар, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ құс еті және басқалар.

Сонымен қатар, АҚШ Қазақстан экономикасына қаражат құятын негізгі инвесторлардың үштігіне түрде кіреді (Нидерланды мен Швейцариямен қатар).

2022 жылдың 3 тоқсанындағы американдық ТШИ жалпы ағыны $5,0 млрд құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда $1,9 млрд немесе 59%-ға артық. Бұл да 2005-2021 жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.

Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 688 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 22-сі ірі және орта бизнестің өкілдері. ҚР-да жұмыс істейтін 9 ірі американдық компаниялардың 4-і Атырау облысында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу