Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен жобаларды іске асыруда өзара ұзақмерзімдік мүддесі бар, деп мәлім етті Қазақстандағы АҚШ елшісі Жорж Крол "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне берген сұхбатында.
"Американың аймақтардағы, ондағы әр ел бойынша саясатында көп нәрсе өзгереді деп ойламаймын", – деді Жорж Крол.
Қазақстан Құрама Штаттардың стратегиялық серіктесі болып қала береді, деп атап өтті елші. "Қазақстанға АҚШ инвестициясының үлкен көлемі, атап айтқанда энергетика саласына әкелінді. Сондай-ақ, осыған дейін айтқанымдай, Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеп жатқан көптеген мәселелер бар. Бұл – тек аймақтағы ғана емес, жалпы әлемдегі экстремизм мен радикализм, ядролық қаруды таратпау мәселесі", – деді елші.
"Меніңше барлық салада: экономикалық байланыстарда, қауіпсіздік мәселесінде, саяси және мәдени қарым-қатынастарда ынтымақтастық одан әрі жалғасады. Бұл – ұзақмерзімдік жобалар, онда мүддеміз ортақ, сондықтан әкімшілік ауысқаннан бірдеңе өзгереді деп ойлаймын. Бұл – ұзақмерзімдік жобалар, онда ұзақмерзімдік мүдделеспіз, сондықтан әкімшілік ауысқаннан бірдеңе өзгереді деп ойлаймын. Біз тұрақтылыққа, аймақтың экономикалық дамуында мүддеспіз", – деп түйіндеді Жорж Крол.