АҚШ-тың Ресейге қарсы қашан санкция салатыны белгілі болды

1011

30 қаңтарда Ұлыбритания ресейлік олигархтардың Лондондағы меншігі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

АҚШ-тың Ресейге қарсы қашан санкция салатыны белгілі болды

АҚШ Конгресінің Сенаты осы аптада Украина төңірегіндегі жағдай шиеленіскен жағдайда Ресейге қарсы санкция салады, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Сенатының сыртқы істер комитетінің басшысы Роберт Менендестың айтуынша, құжатқа қатысты бір-екі мәселе шешілгеннен кейін шешім қабылдануы мүмкін. Бірқатар сенатор бастама осы аптада енгізіледі деген пікірде. 

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки АҚШ үкіметі Ресей элитасының өкілдері мен олардың отбасы мүшелеріне қарсы бағытталған санкциялардың дайын екенін мәлім етті. Ресей Федерациясы Украинаға басып кірсе, санкциялар сол бойда жарияланады. Псакидің айтуынша, қара тізімге енгізілген адамдар "Кремль үшін маңызды тұлғалар" саналады. Бірақ Псаки нақты кімдердің бұл тізімге енгізілгенін ашып айтпады.

30 қаңтарда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс ресейлік олигархтардың Лондондағы меншігі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу