АҚШ-тың Ресейге санкциясы Қазақстан экспортына әсер етуі мүмкін

1403

АҚШ-тың Ресейге санкциясы Қазақстан экспортына әсер етуі мүмкін

Мұнай бағасының өсіміне қарамастан теңгенің әлсіреуі Қазақстан бюджетінің бұған дейінгі жылдардағыдай мұнайдан түсетін кіріске барынша тәуелді болмауымен байланысты орын алуы ықтимал.  Мұндай пікірді "Альпари" компаниясының сараптамалық департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Негізінен соңғы бірнеше жыл бойы мұнай бағасының динамикасы мен теңгенің айырбас бағамы арасында тұрақты өзара байланыс жоқ. Мұның Қазақстан бюджетінің бұған дейінгі жылдардағыдай мұнайдан түсетін кіріске барынша тәуелді болмауымен байланысы басымырақ болып отыр. Бүгінгі күні мұнай мен газ экспортынан түсетін кіріс шамамен 35-37 пайызды құрайды", - деді Наталья Мильчакова.

Оның айтуынша, валюталық трейдерлер әлі де болса теңгеге "мұнай" валютасының бірі ретінде қарауға дағдыланған. Соңғы бірнеше жыл бойы теңге бағамына рубльдің айырбас бағамының ықпалы біршама жоғары болуда.  Дегенмен сарапшы рубльге теңге бағамының   тікелей ықпалы жоқ екендігін де баса айтты. Ресей рублі қазақстандық теңгеге қарағанда біршама құбылмалы валюта саналады. "Алайда күні бойғы сауда барысында рубль мен теңгенің бір бағытта болатындығы жиі кездеседі. Ал бұл валюта нарығының Ресей мен Қазақстан экономикаларын бір-бірімен тығыз тәуелді деп қабылдайтындығын білдіреді. Бұл таң қаларлық жайт емес. Өйткені, Қазақстан мен Ресейді Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік біріктіреді. Бірақ Қазақстан мен Ресей мұнай мен газ экспорты саласында бәсекелес саналады. Егер, мәселен Ресей рубльді девальвацияласа, онда оның экспорттық тауарлары автоматты түрде бәсекелестерінің дәл сондай тауарларына қарағанда бәсекеге қабілетті болып шыға келеді", - деді ол.

Наталья Мильчакованың пайымынша, 2014-2015 жылдарда ресейлік рубльдің девальвацияға ұшырауына 2015 жылы Қазақстан теңгесінің девальвациялануы негіз болған. Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары Ресей Федерациясына қарсы санкцияларын қатаңдатуға ниет танытып отыр. Осыған байланысты Қазақстан санкциялардың қатаңдауы ресейлік экономикаға теріс ықпал етуі мүмкін деп қауіптенуде. Мұндай жағдайда Ресейге экспортталатын Қазақстан тауарларына сұраныстың төмендеуі ықтимал.

"Біздің болжамымызша, тамыз айының басында долларға шаққандағы теңге бағамы 326-329 теңге, рубльге шаққанда 5,48-5,62 теңге болады", - деді сарапшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу