АҚШ-тың Сирияға жасаған әуе шабуылының салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы The Washington Post басылымына сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, операция шекарада орналасқан Иран топтарына тиесілі бірнеше ғимаратты жою үшін жүргізілген.
Бұған дейін Пентагон Сирияға жасалған соққының егжей-тегжейін жариялаған еді. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің айтуынша, Ирак тарабы осы операция барысында барлау деректерін жеткізіп отырған.
26 ақпанда Қорғаныс министрлігінің өкілі Джон Кирби АҚШ әскери күштерінің Сирия аумағына жасаған соққысын растады. Пентагонның пікірінше, Иран топтарының Ирактағы америкалық және коалициялық әскерилерге жасалған шабуылы осындай қадамға баруға мәжбүр еткен. Вашингтон бұл шабуыл Ирак пен Шығыс Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталды деп отыр.
Табиғат Нұрболат