АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры әлсіреп барады

133

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры жаңа энергетикалық дағдарыстарға толық дайын емес. Мұндай қорытындыны елдің Бюджеттік-қадағалау бас басқармасы (GAO) жариялаған аудит есебі көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры әлсіреп барады Фото: ЖИ

Аудиторлардың мәліметінше, Энергетика министрлігі қордағы ескірген құбырлар, қоймалар мен резервуарлар жүйесін ұстап тұру барған сайын қиындап бара жатқанын мойындаған. Мамандардың айтуынша, қазіргі инфрақұрылымның қанша уақытқа дейін сенімді жұмыс істейтіні белгісіз.

Есепте стратегиялық мұнай қорынан ресурстарды шығару, тарату және қайта толықтыру мүмкіндігі қазірдің өзінде шектеулі екені айтылған. Сондай-ақ ескі инфрақұрылым мен жалғасып жатқан ауқымды құрылыс жұмыстары бұл тәуекелдерді одан әрі күшейтуі мүмкін екені ескертілген.

Наурыз айында Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына кедергі келтіргеннен кейін АҚШ президенті Дональд Трамп стратегиялық қордан 172 млн баррель мұнай босатуды тапсырған болатын.

Энергетика министрлігінің дерегіне сәйкес, соңғы аптада федералдық қор көлемі тағы 3,7 млн баррельге қысқарып, шамамен 308 млн баррельді құрады. Бұл – 1983 жылдың наурызынан бергі ең төменгі деңгей.

Бюджеттік-қадағалау бас басқармасы қордағы мұнайдың төрттен бірінен астамын өндіру әзірге мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұған құрылыс жұмыстарының тоқтауы мен жерасты қоймаларының уақытша жабылуы себеп болған. Ал Rapidan Energy компаниясының шілде айындағы есебінде қазіргі таңда кемінде 103 млн баррель мұнайдың қолжетімсіз екені көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу