АҚШ-тың тағы бір қаласында жолаушылар ұшағы өртеніп кетті

217

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

АҚШ-тың тағы бір қаласында жолаушылар ұшағы өртеніп кетті Фото: видео скриншот

АҚШ-та Колорадо штатының астанасы Денвер әуежайында American Airlines ұшағы өртке оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқыс жағдай бүгін, 14 наурызда болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жария болды. Кадрлардан ұшақ түтінге оранғанын, ал адамдар ұшақтың қанатына шығуға мәжбүр болғанын байқауға болады.

Әуежайдың баспасөз қызметі телеарнаға ұсынған ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күні кешке (Астана уақытымен жұма күні таңертең) қону жолағында болған American Airlines ұшағында өрт шыққан.

Әуежай өкілі өрттің жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00 шамасында басталғанын айтты.

Қызыл жалынның шығу себебі әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу