09 желтоқсан күні, АҚШ-тың Теннесси штатындағы жойқын торнадо мен қатты дауыл кем дегенде алты адамның өмірін жалмады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мәліметтеріне сәйкес, ауа-райының қолайсыздығынан ондаған мың адам жарықсыз қалып, көптеген ғимараттар қираған.
Сонымен қатар, Монтгомери округінің билігі үш адамның опат болғанын және оның ішінде бір бала бар екенін мәлімдеді.
"Біз бүгін түстен кейін болған торнадо үш адамның қайтыс болғанын растай аламыз: екі ересек және бір бала", - делінген Монтгомери округінің үкіметі мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, Кларксвиллдің 23 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Ал жергілікті билік іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
"Бұл – біздің қоғам үшін өте қайғылы күн. Біздер зардап шеккендер, жақындарынан айырылғандар және үйінен айырылғандар үшін дұға етеміз", - деп түсіндірді Монтгомери округінің әкімі Уэс Голден өз мәлімдемесінде.